Кадр саясаты

«ОТХК» БК» ЖШС – табиғи уран өндіруші компания. Компанияның қызметкерлері әртүрлі ауқымдағы және әртүрлі қызмет салаларындағы күрделі жобаларды жүзеге асыруда баға жетпес тәжірибе жинақтаған, олардың басым бөлігі – жақсы теориялық дайындығы және практикалық тәжірибесі бар жоғары санаттағы мамандар. Бұл жерде бірегей тұлғалар жұмыс істейді, олар -Компанияның нағыз баға жетпес капиталы.

1

Қызметкерлерді іздеу барысында біз әртүрлі коммуникациялық тәсілдерді пайдаланамыз.

Серіктестіктің ресми веб-сайтында хабарландырулар жариялау (www.ughk.kz), ішкі электронды пошта, мамандандырылған веб-сайт, БАҚ арқылы хабар тарату;

рекрутингтік компаниялардың көмегімен іздеу;

Серіктестіктің деректер қорында іздеу – электронды пошта арқылы немесе басқа тәсілмен тұрақты негізде келіп түсетін түйіндемелердің үнемі толықтырылып отыратын дерек қоры негізінде жүзеге асырылады;

Серіктестік қызметкерлерінің ұсыныстары.

2

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан түйіндеме қабылдау

Біз түйіндемелерді бос орын жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн аралығында қабылдаймыз.

3

Іріктелген үміткерлердің кәсіби білімін тестілеу

4

Конкурстық комиссия немесе жұмысқа орналастыру комиссиясының іріктеуінен өткізу.

Үміткерлер құрылымдық бөлімшенің басшысымен сұхбаттасады.

Орталық аппаратқа жұмысқа орналасқан кезде, Конкурстық комиссия үміткерді оның тестілеу нәтижелері мен құрылымдық бөлімшенің басшысымен сұхбатын ескере отырып бағалайды, содан кейін үміткерлерді ұсыну хаттамасын толтырады.

Серіктестіктің кеніштеріне жұмысқа орналастырған кезде, үміткерлер қатарынан іріктеуді тұрақты әрекет ететін Жұмысқа орналастыру комиссиясы жүзеге асырады.

5

Шешім қабылдау

Бас директордың іріктеуден сәтті өткен үміткерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдауы

6

Еңбек қатынастарын рәсімдеу

Еңбек шартын жасасу және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығару