- Ответственность за окружающую природу и забота о местном населении корректировка
- ОПАСНЫЕ ЯДОВИТЫЕ РАСТЕНИЯ И ЖИВОТНЫЕ ВСТРЕЧАЮЩИЕСЯ В РАЙОНЕ РУДНИКА
- Краснокнижные растения и животные встречающиеся в районе рудника Южный Инкай
Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
«ОТХК» БК» ЖШС-да қоршаған ортаны қорғау адам өмірінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды сақтаудан тұрады. Өндірістегі қоршаған ортаның маңызды факторлары-атмосфералық ауа, су, топырақ. Қоршаған ортаны қорғау кәсіпорын қызметінің нәтижелерінің табиғат пен адамдардың денсаулығына тікелей және жанама түрінде теріс әсерін болдырмау мақсатында табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтіруді көздейді.
Кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі Экологиялық Кодекстің талаптары және ҚР заңнамасының талаптарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экологиялық менеджмент
Өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде серіктестік басшылығы халықтың және өз қызметкерлерінің алдында денсаулықты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік қызметті жүзеге асыру орындарында табиғи ортаны сақтау жөніндегі өзінің жауапкершілігін түсінеді. Серіктестіктің өндірістік қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының және қолданыстағы рұқсат беру құжаттамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан Серіктестікте менеджмент жүйесі саласындағы саясат және экологиялық аспектілерді анықтау және бағалау рәсімі әзірленіп, бекітілді. Экологиялық аспектілерді сәйкестендіру үшін Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінен мамандар тартылады, экологиялық аспектілерді сәйкестендіру нәтижелері экологиялық аспектілер Тізілімімен ресімделеді. Серіктестікте экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттаудың қамтамасыз етілуін және жұмыс істеуін бақылауды Сапа және стандарттау бөлімі жүзеге асырады. «ОТХК» БК» ЖШС экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 талаптарына сәйкестігіне сертификатталған.
Өндірістік қызметтің қоршаған орта объектілеріне, жергілікті халыққа әсерін жүйелі кешенді бағалауды жүргізу және Серіктестікте мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру мақсатында бірқатар ішкі нормативтік құжаттар әзірленді. Әзірленген құжаттар қалдықтарды, су және жер ресурстарын тиімді басқаруды, экожүйені және биоәртүрлілікті сақтауды, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының өсуіне қатысуды, өндірістік қызметтің қоршаған орта объектілеріне және жергілікті халыққа нақты және ықтимал қолайсыз әсерлерін анықтау, алдын алу және азайту үшін тәуекелге бағдарланған тәсілді іске асыруды қамтамасыз етуді қоса алғанда, қоршаған ортаға өнеркәсіптік әсерді дәйекті төмендетуді көздеуге мүмкіндік береді.
Серіктестікте экологиялық тәуекелдерді басқару тәуекел санаттары бойынша әзірленген және белгіленген басымдықтарға сәйкес жүргізіледі. Тәуекелдердің алдын алу және азайту үшін өндірістік алаңдарда экологиялық заңнаманы сақтауға және ықтимал сәйкессіздіктердің себептерін анықтауға бағытталған тәуекелдерді мониторинг жасау және талдау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі, құбырлардың тұмшаланғандығы жүйелі тексеру жүзеге асырылады, желдету жүйелерін техникалық тексеру, шағын қазандықтарға уақтылы сервистік қызмет көрсету жүргізіледі, сарқынды суларды тазартудың технологиялық процесіне және биологиялық тазартудан кейінгі ағынды сулардың сапасын бақылауға ерекше бақылау жүргізіледі. ESG орнықты даму қағидаттарын ұстану шеңберінде 2025 жылға арналған «ОТХК» БК» ЖШС тәуекелдер тізіліміне климаттық тәуекелдер енгізілді.
Қоршаған ортаға әсері
Атмосфералық ауа.
Кеніштерде уран өндіру жөніндегі өндірістік қызметті жүзеге асыру үрдісінде жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру (ЖҰС) әдісі қолданылады, одан әрі технологиялық ерітінділерді өңдеу мен уран тотығы шала-тотығы түріндегі дайын өнімді алу арқылы. ЖҰС әдісі уранды өндіру мен өңдеудің ең экологиялық әдісі болып табылады. Өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда, ЖҰС әдісімен уран өндіру атмосфераға "айтарлықтай" әсер етпейді. Жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру технологиясы тұмшаланған құбырлар арқылы технологиялық ерітінділердің қозғалысына, ластаушы заттардың атмосфераға енуіне жол бермейтін батпалы сорғыларын пайдалануға негізделген. Негізгі өндірістен қоршаған ортаға шығарындылар минималды. Шығарындылардың негізгі бөлігі қосалқы өндірістен (үй-жайларды жылыту, көлік) келеді.
Атмосфералық ауаға шығарындылар рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасымен регламенттеледі, оған мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы алынған және I санаттағы объектілерге әсер етуге рұқсат берілді.
Тоқсан сайын «ОТХК» БК» ЖШС өндірістік объектілерінде шығарындылардың стационарлық көздерінде өндірістік экологиялық мониторинг жүзеге асырылады, Өлшеу қорытындылары бойынша мердігер ұйым шекті жол берілетін шығарындылармен салыстырғанда нақты шығарындыларды көрсете отырып, өлшеу хаттамаларын ресімдейді.
Бекітілген кестеге сәйкес кеніштерде желдету жүйелеріне жоспарлы-алдын алу жөндеу және қызмет көрсету, сүзгілер мен қосалқы бөлшектерді уақтылы ауыстыра отырып, шағын қазандықтарға сервистік қызмет көрсету жүргізіледі.
Атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту үшін кәсіпорынның автокөлігі уақтылы техникалық тексеруден және қызмет көрсетуден өтеді.
Осыған ұқсас өткен жылдың нәтижелерімен салыстырмалы талдау кезінде кәсіпорын бойынша атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының 2,91% - ға төмендеуі байқалады. 2024 жылы ластаушы заттар шығарындыларының төмендеуі технологиялық процесті оңтайландыруға және аймақтағы климаттың жылынуына байланысты шағын қазандықтардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты.
Экологиялық көрсеткіштер
Ауаның ластануы |
Өлш. бірлігі |
2024 ж. |
2023 ж. |
2022 ж. |
NOx Шығарындылары |
Тонна |
13.24025294 |
10.8822601 |
12.14642531 |
SOx Шығарындылары |
Тонна |
10.66004637 |
9.53910438 |
9.8795506 |
Қатты заттар шығарындылары |
Тонна |
3.391066126
|
3.18661273 |
3.284583451 |
СО шығарындылары |
Тонна |
30.37872812
|
33.1992137 |
33.42866484 |
Ұшпа органикалық қосылыстар |
Тонна |
6,294243739
|
8.176165839 |
7.23569252 |
Қауіптіліктің 1-ші класындағы заттар |
Тонна |
0.0000000040
|
0.000006750 |
0.00001029788 |
Су ресурстары
Кеніштер үшін жер асты суларын алу Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы берген арнайы су пайдалануға рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады. Ағынды суларды төгу мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен рұқсат етілген төгінділер нормативтерінің жобалары негізінде жүзеге асырылады, соның негізінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілді. Сондай-ақ, су сынамаларын зерттеу кезінде мониторинг ҰАК СТ 17.4 «Уран кен орындарының жер және жер асты суларына ЖҰС әсерінің мониторингін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Тоқсан сайынғы негізде шаруашылық ауыз су ұңғымаларынан суды зерттеу жүргізіледі.
Кеніштерде пайда болған шаруашылық ағынды сулар, ағынды суларды тазартудың биологиялық станцияларына жіберіледі. Биологиялық тазарту станцияларының жұмысы тұрақты негізде бақыланады. Биологиялық тазарту станцияларының жұмыс істеу тиімділігін зерттеу және тексеру үшін тазартуға дейін және одан кейін сарқынды су сынамалары тоқсан сайын алынады. Тазартуға түсетін ағынды су бастапқы механикалық тазартудан және одан әрі биологиялық тазартудан өтеді. Тазартылған су жинауыш-тоғанға жиналады.
Өткен жылдың нәтижелерімен салыстырмалы талдау кезінде ағынды суларды тазарту тиімділігі ластаушы заттардың түзілуінің 0,89 % - ға төмендегені байқалады. Ластаушы заттардың түзілуінің төмендеуіне жарық сүзгілерін ауыстыру жұмыстары әсер етті.
Су тұтыну |
2024 ж. |
2023 ж. |
2022 ж. |
|
Алынатын судың жалпы көлемі |
мың м3 |
381.738 |
397.681 |
513,441 |
Шығарылатын судың жалпы көлемі |
мың м3 |
62.143 |
57.919 |
70.804 |
Жер ресурстары
Қалдықтармен жұмыс істеу 02.01.2021 жылғы №400-VI Экологиялық кодексінің, 11.07.2016 жылғы №312 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларының», 25.12.2020 жылғы №331/2020 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» негізінде жүзеге асырылады. Кеніштердің өндірістік қызметі үшін ТҚП құбырлары, батпалы сорғылары, қорғаныш қаптамалары, аммиак селитрасы, т/б құбыры, шығын өлшегіштер, манометрлер, сорғыларды басқару шкафтары түрінде материалдар сатып алынады. Жоғарыда аталған материалдарды пайдалану кезінде пайда болатын қалдықтар қауіпті емес.
Бұл материалдардың қызмет ету мерзімі, 2 жыл жұмыс істегеннен кейін істен шығуы мүмкін батпалы сорғыларын санамағанда, 5 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта. Ішкі құжаттарға сәйкес қолданудың пайдалы мерзімі аяқталғаннан кейін материалдар қайта пайдаланылады. Сондай-ақ, материалдарды пайдалану кезінде радиоактивті қалдықтар пайда болуы мүмкін. Пайда болған радиоактивті қалдықтар мамандандырылған мердігерлік ұйыммен шарт бойынша көмуге/ кәдеге жаратуға жіберіледі. Өткен жылдың нәтижелерімен салыстырмалы талдау кезінде қалдықтардың пайда болуының шамалы өсуі байқалады. Бұл факт жабдықты ауыстыру және бөлшектеу бойынша кеніштердің өндірістік алаңдарында күрделі жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты.
Қалдықтарды басқару
Қалдықтардың түрлері |
өлш. бірлігі |
2024 ж. |
2023 ж. |
2022 ж. |
Қауіпті |
Тонна |
2.788 |
2.276 |
7.978 |
Қауіпті емес |
Тонна |
3689.571 |
2672.979 |
3695.064 |
төмен радиоактивті қатты қалдықтар |
Тонна |
180.656 |
156.952 |
110.676 |
Климаттың өзгеруі
Бүгінгі таңда экологиялық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы мемлекеттік саясат шеңберінде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы бекітілді. Стратегияның негізгі мақсаты 2060 жылға қарай климаттың өзгеруіне және көміртегі бейтараптығына Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізу болып табылады.
Бекітілген Стратегия шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, өйткені «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Саясатының негізгі қағидаттары адам денсаулығының басымдығы және өндірістік қызмет нәтижесіне қатысты экологиялық қауіпсіздік болып табылады.
Осыған байланысты Серіктестікте 2023 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңге парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралар Жоспары әзірленді.
Парниктік газдар шығарындыларын динамикада қарастыра отырып, 2022 жылдан бастап 5 жыл ішінде шығарындылардың төмендеуі байқалады.
Биоалуантүрлілік
«ОТХК» БК» ЖШС өндірістік қызметінің қоршаған ортаға және жергілікті халыққа әсерін бағалау, ықпал ету жолдары мен тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ ESG - қағидаттарына сәйкес Серіктестік қызметін жетілдіру үшін 2020-2024 жылдар аралығында алғаш рет биоалуантүрлілікті зерттеу және экологиялық және әлеуметтік бағыттар бойынша жүргізілетін зерттеулер бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізілді.
2020-2021 жылдар аралығында өндірістік нысандар аумағында алғаш рет биоалуантүрлілік бойынша зерттеулер жүргізілді. Биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығына байланысты Серіктестік өз алдына 3 жылда бір рет жиілікпен флора мен фаунаның жай-күйін тұрақты мониторингтеу бойынша міндеттер қояды. Флора мен фаунаны зерттеу процесінде алынған деректер геоақпараттық дерекқорға енгізіледі және зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін жаңартылады. Геоақпараттық деректер базасы MapInfo Professional бағдарламалық қамтамасыз етуінде әзірленген және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, атап айтқанда тақырыптық карталарды, қоршаған орта объектілерінің (топырақ, су, атмосфералық жауын-шашын) сынамаларының зертханалық талдауларының нәтижелерін; биоәртүрлілік жай-күйін зерттеуді; топырақ-өсімдік жамылғысының антропогендік бұзылуының схемаларын қамтиды. 2023 жылы Серіктестікте ҰАК СТ 17.6 «Табиғатты қорғау саласындағы стандарттар жүйесі. Уран кен орындарындағы, өндірістік объектілердегі және оларға іргелес аумақтардағы Биоәртүрлілікті Бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» стандарты қолданысқа енгізілді. 2023 жылдан бастап «ОТХК» БК» ЖШС өндірістік объектілерінде флораның сирек және ерекше қорғалатын түрлерін есепке алу Журналы толтырылады. 2021-2024 жылдар аралығындағы кезеңдегі экологиялық зерттеулер деректерінің динамикасын талдау фондық аумақтар мен жақын елді мекендердегі экологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Мүдделі тараптармен флора мен фаунамен танысу бойынша коммуникациялар жүргізу үшін Серіктестікте «Оңтүстік Ыңғай кеніші ауданында кездесетін қауіпті (улы) өсімдіктер мен жануарлар», «Оңтүстік Ыңғай кеніші ауданында кездесетін Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер», «Қоршаған орта үшін жауапкершілік және жергілікті халыққа қамқорлық» буклеттері әзірленді. 2025 жылы биоалуантүрлілікті одан әрі зерттеу және мониторингілеу бойынша жұмыстар жоспарланған.
Экологиялық және әлеуметтік коммуникациялар
Серіктестікте мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу үшін Бас директордың бұйрығымен «Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жоспары» Рәсімі және «Экологиялық ақпарат алмасу және шағымдарды қарау тетігі» Рәсімі бекітілді. Жыл сайын Серіктестіктің өндірістік объектілері «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысады және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне (ДҚОҚК) іс-шаралар өткізеді. Іс-шаралар «ОТХК» БК» ЖШС өндірістік алаңдарында оң экологиялық мәдениетті және қызметкерлердің экологиялық мәселелер туралы хабардар болуын қалыптастыру үшін өткізіледі. ДҚОҚК шеңберінде мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жасау мақсатында «Ақдала» кенішінің басшылығы мен мамандары Қыземшек к. Л. Бөкенов атындағы мектепте «Жер-біздің ортақ үйіміз!» ұранымен танымдық "Экологиялық сағат" өткізді. Оқушылармен табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді, Қазақстанның экологиялық мәселелері қаралды, бастауыш сынып оқушылары экологияға арналған өлеңдер айтып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өз көзқарастарын суреттеді. Жоғары сынып оқушыларымен Қазақстанның экологиялық проблемаларының себептері және оларды шешу жолдары туралы пікірталас ұйымдастырылды.
«Оңтүстік Ыңғай» кенішінің аумағына «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің басшылығы мен мамандары «Оңтүстік Ыңғай» кеніші қызметкерлерінің балаларының ата-аналарымен бірге келуін ұйымдастырды. Балалар үшін «Қоршаған ортаны қорғаудың үздік білгірі» байқауы ұйымдастырылды. Экологиялық сағатқа қатысқан барлық оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды. 2024 жылғы 15 маусымдағы SOZAQ UNI газетінде «Жер - біздің орталық үйіміз» мақаласы жарық көрді, сондай-ақ БАҚ Дайджестінде және компания жаңалықтарында «ОТХК» БК» ЖШС-да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін өткізу туралы ақпарат бар. «ОТХК» БК» ЖШС өндірістік объектілері мамандарының және мүдделі тараптардың радиациялық қауіпсіздік және қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу мәселелері бойынша хабардар болуы шеңберінде кеніштердің өндірістік қауіпсіздігі секторының мамандары радиоактивті қалдықтарды өңдеу, сұрыптау және көму бойынша дәрістер өткізді. Т. Момбеков атындағы және Л. Бөкенов атындағы мектептерде оқушылармен және мүғалімдер «Радиофобия және радиациялық қауіпсіздік» және «Радиоактивті қалдықтарды көму» тақырыбында дәрістер өткізді. Жергілікті «SOZAQ UNI» газетінің 7.12.2024ж. №90 нөмірінде «Түсіндіру жұмыстарын жүргізді» атты мақала жарияланды.