«ОТХК» БК» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығы басым факторлар болып табылады.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына (ЕҚ және ҚТ), өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (ӨнҚ) бағытталған барлық бағдарламалар мен бастамалар Қазақстан Республикасының ЕҚ және ҚТ, ӨнҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына, сондай–ақ Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стандарттарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Серіктестік Техникалық реттеу, стандарттау, метрология, сынау және сапаны басқару, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және энергетикалық менеджмент жүйесі саласындағы саясатты әзірледі. Саясат ЕҚ және ҚТ, ӨнҚ саласында мақсаттар мен міндеттер қою үшін негіз болып табылады. Саясатты іске асыру бойынша мақсатты жұмыс Серіктестіктің әрбір қызметкерінің міндеті және кәсіби борышы болып табылады.
Серіктестік орындалатын жұмыстың қауіпсіз болуы және әрбір қызметкердің үйіне аман–есен және дені сау болып оралуы үшін еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының тиімді мәдениетін сақтауға ұмтылады. Сондай–ақ, Серіктестік өндірістік бөлімшелер аумағында жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдардағы қауіпсіздік мәселелеріне назар аударады.
Жыл сайын компанияда еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру, еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті жетілдіру мақсатында бірқатар іс–шаралар өткізіледі, кәсіпорын ЕҚ және ҚТ, ӨнҚ саласында әлемдік үздік тәжірибелерді енгізуге ұмтылады.
Серіктестік халықаралық органда сертификаттаудан сәтті өтті және ISO 45001:2018 Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі халықаралық стандартына сәйкестік сертификатына ие.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі қызмет
ЕҚ және ҚТ, ӨнҚ мәселелері бойынша ішкі өндірістік бақылау және әдістемелік басшылық бөлігінде жұмысты Қазақстан Республикасы заңнамасының, құрылтайшылардың шешімдері мен өкімдік құжаттарының және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік қауіпсіздік департаментінің қарамағындағы «Ақдала» және «Оңтүстік Ыңғай» кеніштерінің (бұдан әрі – кеніштер) өндірістік қауіпсіздік секторлары жүргізеді. Серіктестіктің бекітілген ұйымдық құрылымына сәйкес өндірістік қауіпсіздік департаменті Бас директорға бағынады.
Компанияда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі (бұдан әрі – ЕҚжӨнҚБЖ) жұмыс істейді. ЕҚжӨнҚБЖ Серіктестік Саясатын іске асырудың негізгі ережелерін, ЕҚ және ҚТ, ӨнҚ бойынша мақсаттарға қол жеткізу және іс–шараларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін қамтиды. ЕҚжӨнҚБЖ қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған іс–шаралар кешенін реттейді, ЕҚ және ӨнҚ саласындағы жұмыстарды ұйымдастыруға және мәселелерді басқаруға бірыңғай талаптарды белгілейді.
«ОТХК» БК» ЖШС өндірістік бақылаудың 4 сатылы деңгейі орнатылған. Апта сайынғы негізде кеніштерде өндірістік бақылаудың 3 деңгейімен өндірістік қауіпсіздіктің жай–күйін комиссиялық тексеруі жүзеге асырылады. Өндірістік бақылаудың 4–деңгейдегі комиссиясы Бас директордың төрағалығымен Серіктестіктің бөлімшелерінде тексерулерді тоқсанына бір рет жүргізеді. Бақылаудың 3–ші және 4–ші сатыларындағы тексерулердің нәтижелері актілермен–нұсқамалармен ресімделеді. Бөлімшелерде ЕҚ және ӨнҚ бойынша жедел және нысаналы тексерулер де жүргізіледі.
Әр бейсенбі сайын Серіктестіктің әрбір бөлімшесінде «Қауіпсіздік техникасы күні» өткізіледі. Оларды өткізуге барлық өндірістік персонал мен учаскелердің мамандары тартылады. Тексеру нәтижелері бойынша Қоғам кәсіпорындарында болған оқиғалардың, жазатайым оқиғалардың мән–жайлары мен себептері талданады, кәсіпорында осындай оқиғаларға жол бермеу жөніндегі шаралар пысықталады, сондай–ақ ЕҚ және ҚТ саласындағы негізгі оқиғалар мен мәселелер жария етіледі.
Апта сайын кеніштерде кеніштердің басшылары мен бас мамандарының, учаскелердің басшылары мен инженерлік–техникалық қызметкерлерінің (ИТҚ) қатысуымен ЕҚ, ҚТ, ӨнҚ бойынша кеңестер өткізіледі. Кеңесте өндірістік бақылаудың 3–ші және 4–ші деңгейлерін тексеру нәтижелері және бақылаудың 1–ші және 2–ші деңгейлерінің жұмыс тиімділігі, оқиғалар бойынша ақпараттық бюллетеньдер, GPS–трекерлер арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігі және автокөлік құралдарын бақылау мәселелері, QR–кодтар арқылы жүргізушілердің жүргізу мәдениетін бағалау нәтижелері талқыланады, анықталған қауіпті жағдайларға, қауіпті әрекеттерге және Near–Miss–ке, олардың қайталану жиілігі мен себептеріне талдау жүргізіледі, жүргізілген мінез–құлық қауіпсіздік аудиттері бойынша есептер және ресімделген Стоп–карталар, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру және барлық қызметкерлерді тарту бойынша сұрақтар мен ұсыныстар қаралады.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін тоқсанына бір рет жұмыс орындарында зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың деңгейін бақылау жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері ЕҚ және ҚТ бойынша ақпараттық стендте орналастырылады.
Серіктестікте өндірістік персоналдың назарына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мен сақтаудың маңыздылығын, ЕҚ және ӨнҚ саласындағы талаптарды орындау жөнінде үнемі жұмыс жүргізілуде. Әрбір өндірістік объектіде орналасқан ақпараттық стендтер барынша маңызды және жедел ақпаратты қамтиды.
ЕҚ, ҚТ және ӨнҚ бойынша қызметкерлерді даярлау оқытудың заманауи технологияларын қолдана отырып жүргізіледі, әртүрлі тақырыптарға бейнероликтер әзірленеді, жұмыс орындарында көрнекі материалдарды орналастыра отырып, учаскелерде ҚТ бойынша кабинетті және ақпараттық стендтерді жарақтандыруға назар аударылады.
ЕҚ және ӨнҚ бойынша жүргізілетін бастамалар Серіктестік қызметкерлері үшін заңнамада белгіленген нұсқамалар мен оқыту түрлерін жүргізумен шектелмейді. Қызметкерлерді қауіпсіз еңбек дағдылары мен әдістеріне оқыту, олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Мынадай тақырыптар бойынша оқыту жүргізіледі:
● Өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық
● «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» бойынша ішкі жаттықтырушы
● «Үш қауіпсіздік киті»
● Қауіпті жағдайларды, қауіпті әрекеттерді, ықтимал қауіпті Near–Miss оқиғаларын анықтау
● Мінез–құлық қауіпсіздік аудиттерін жүргізу
● «Стоп–картасын» қолдану және рәсімдеу
● Қауіпсіздіктің бес қадамы
● Жауапкершілік
● Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер
● Lock Out/Tag Out қолдану
● Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті
● Defensive driving
● Дәрігерге дейінгі алғашқы шұғыл көмек көрсету
● ISO 45001:2018 басқару жүйесінің ішкі аудиторы
● NEBOSH
Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ шешімдеріне сәйкес «ОТХК» БК» ЖШС–да кешенді қауіпсіздікті басқару бойынша нысаналы модельді енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Vision zero (нөлдік жарақаттану) тұжырымдамасын қабылдау шеңберінде Серіктестікте еңбек қауіпсіздігін жақсарту, жарақаттанудың, авариялар мен қақтығыстардың алдын алу жөніндегі құралдар енгізілді.
Қауіпті жағдайларды, қауіпті әрекеттерді, Near–Miss анықтау. Кәсіпорында 2018 жылдың шілдесінен бастап "Near–Miss" оқиғаларды басқару жүйесі енгізілді. Қызметкерлермен Near–Miss салдарынсыз қауіпті жағдайларды, қауіпті әрекеттер мен оқиғаларды анықтау бойынша түсіндірме әңгімелер мен оқыту жүргізілді. Барлық бөлімшелер мен барлық деңгейдегі қызметкерлер қауіпті әрекеттерді, қауіпті жағдайларды және Near–Miss анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Кеніштердің өндірістік қауіпсіздік секторлары тіркелген ықтимал қауіпті жағдайларға, олардың тіркеу жиілігі мен орындарына ЕҚ және ҚТ жөніндегі кеңестерде талқылана отырып, жүйелі талдау жүргізеді.
Vision Zero. 2019 жылғы маусымда Қоғам қабылдаған Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына сәйкес Серіктестікте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ӨҚД директорының, Серіктестіктің Бас директордың және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен каскадты коммуникациялар жүргізілді. Іс–шараның мақсаты – Серіктестіктің бірінші басшысының ЕҚ, ҚТ және ӨнҚ саласындағы жеке міндеттемелерін қабылдауы, Vision Zero жеті «Алтын ереже» қағидаттарын бөлімше басшыларына жеткізу және олардың ЕҚ, ҚТ, ӨнҚ саласындағы өздерінің жеке міндеттемелерін қабылдауы. Өз кезегінде, кеніштнрде құрылымдық бөлімшелердің басшылары бағынысты қызметкерлермен каскадты коммуникациялар жүргізді. Жұмысшыларға өндірістегі қауіпсіздік мәдениеті, Vision Zero тұжырымдамасы және еңбек қауіпсіздігін арттыру қажеттілігі туралы түсіндірілді.
Vision Zero тұжырымдамасының негізі жеті «Алтын ереже» болып табылады, олар жұмыс орнында ЕҚ және ҚТ негізгі принциптерін қамтиды. Ережелер нақты тұжырымдалған және әр бөлім өз ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жарақаттануды нөлге дейін төмендету үшін қолданады.
Тұжырымдама жеті «Алтын ережені» ұсынады, оларды іске асыру өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендетуге жәрдемдесетін болады:
1. Көшбасшы болу – қағидаттарға адалдықты көрсету.
2. Қауіптерді анықтау – тәуекелдерді бақылау.
3. Мақсаттарды анықтау – бағдарламаларды әзірлеу.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін құру – ұйымның жоғары деңгейіне жету.
5. Жұмыс орындарында, станоктармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен гигиенаны қамтамасыз ету.
6. Біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту.
7. Кадрларға инвестиция салу – қатысу арқылы ынталандыру.
Бүгінгі таңда өндірістік персоналдың 100%–ы жеке міндеттемелерді қабылдау арқылы каскадты коммуникациялармен қамтылған.
Сондай–ақ, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту және арттыру шеңберінде Vision Zero тұжырымдамасы бойынша өзінің ішкі жаттықтырушыларын оқыту жүргізілді. Ішкі жаттықтырушылар еңбек қауіпсіздігі мәдениеті бойынша үнемі тренингтер мен дәрістер өткізеді.
Қауіпсіздіктің мінез–құлық аудиті (ҚМҚА). 2019 жылы Серіктестікте «Қауіпсіздіктің мінез–құлық аудиті» бағдарламасы бойынша ИТҚ-ді оқыту өткізілді. 20.08.2019 жылғы № 356–19 бұйрығымен ПРО ЮГХК 859–19 «Қауіпсіздіктің мінез–құлық аудитін жүргізу рәсімі» қолданысқа енгізілді. 2021 жылы ДП ЮГХК 014–2021 «Қауіпсіздіктің мінез–құлық аудитін жүргізудің құжатталған рәсімі» (бұдан әрі – ҚМҚА ҚР) өзектендірілді. ҚМҚА ҚР ережелеріне сәйкес жыл сайын кеніштерде ҚМҚА өткізу кестесі әзірленеді. Кеніштердің барлық бөлімшелерінде ҚМҚА бекітілген кестеге сәйкес құрылымдық бөлімшелердің басшылары және ИТҚ жүргізеді. Кеніштерге барған кезде Бас директор де ҚМҚА өткізеді. Аудит қорытындысы бойынша есептер жасалады және талдау жүргізіледі. ҚМҚА жұмыстарды орындау кезінде Серіктестік қызметкерлеріне де, мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты өткізіледі.
Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, оларды қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге және еңбекті қорғауға тарту үшін бөлімшелерде мерзімді негізде түрлі іс–шаралар – конкурстар, ЕҚ және ҚТ бойынша викториналар өткізіледі. Конкурстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады және сыйақылар төленеді.
Lock Out/ Tag Out қолдану. 2019 жылы Серіктестікте персоналдың жарақаттануының алдын алу, жөндеу, баптау, тазалау және басқа да жұмыстарды жүргізу аймағында электр, су, сығылған ауаның рұқсатсыз берілуін немесе жабдықтың механикалық бөліктерін іске қосуын болдырмау мақсатында Lock Out/ Tag Out ескерту белгілерін іліп қою арқылы қауіпті энергия көздерін бұғаттау жүйесі енгізілді. Кеніштерде бұғаттау жүйесін енгізу бойынша іс–шаралар Жоспары әзірленді, қажетті бұғаттау жабдықтар мен құрылғылары анықталды және сатып алынды. «Ескерту белгілерін ілу арқылы жабдықты бұғаттау жөніндегі Нұсқаулық» әзірленді. «Lock Out/ Tag Out» бұғаттау жүйесін қолдану бойынша өндірістік персоналды оқыту жүргізілді. Учаскелерде бұғаттау жабдықтары мен құрылғылары бар стендтер ресімделді.
Төтенше жағдайларға дайындық
«ОТХК» БК» ЖШС авариялар мен төтенше жағдайларға дайындық деңгейін ұстап тұру үшін іс–шараларды тұрақты түрде өткізеді. Кеніштерде жыл сайын авариялардың негізгі ықтимал түрлері мен орындары, авариялық жағдайлар туындаған кезде персоналдың әрекет ету тәртібі көрсетілген аварияларды жою Жоспарлары әзірленеді. Кеніштер персоналы, сондай–ақ объектілерді өрт күзеті және авариялық–құтқару жұмыстары бойынша қызметтер көрсететін мердігерлік ұйым, аварияға қарсы жаттығулар мен оқу дабылдарын өткізудің жоспар–кестесіне сәйкес, адамдарды құтқару, аварияларды оқшаулауды және жоюды ұйымдастыру үшін қажетті шаралар мен әрекеттер пысықталуда. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеніштер аумағындағы ғимараттарда мерзімді түрде өртке қарсы қауіпсіздік жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жүргізіледі.