«Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» Бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадр саясатындағы негізгі бағыттарының бірі Серіктестіктің алдына қойылған стратегиялық және тактикалық міндеттерді жоғары деңгейде шешуді қамтамасыз етуге қабілетті персоналды кәсіби және әлеуметтік дамыту болып табылады.
Жоғары кәсіби кадрлар Серіктестіктің басты құндылығы болып табылады, сондықтан адам ресурстарын дамыту – бұл біздің негізгі міндетіміз. Осыған байланысты еңбекке ең қолайлы жағдайлар жасау, жеке және ұжымдық жетілу мүмкіндігін ұсыну – «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» Бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадр саясатындағы басым бағыттардың бірі.
Жұмысшылардың біліктілік деңгейін шыңдап отыру, оларды әрі қарай дамыту үшін арнайы оқытулар тек Алматы және Астана қалаларының оқу орындарында ғана емес, сонымен қатар Ресей университеттерінде және Обнинск, Томск, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының оқу орталықтарында ұйымдастырылады. Бұл жерде жұмысшылар МВА бағдарламасы бойынша оқиды, біліктілікті арттыру курстарынан және екінші, бейінді мамандық бойынша қайта даярлаудан өтеді. Қайта даярлаудың негізгі бағыттары – «Томск политехникалық университетінің «Жер асты шаймалау әдісі арқылы уранды өндіру технологиясы», «Қазақ ядролық университеті» ЖШС-ның «Радиациялық қауіпсіздік және радиоэкология» және «Уран өнеркәсібіндегі қауіпсіздік техникасы».
Бұдан басқа, Серіктестіктің мамандары «Қазақ ядролық университеті» ЖШС Австарияның жоғары технологиялық уран кеніштерінде ұйымдастыратын шетелдік тағылымдамаларына жиі қатысып отырады, бұл олардың тұлға ретінде дамуына және оларды ынталандыруға ықпал етіп қана қоймайды, сондай-ақ өз өнеркәсібінде алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді.
Еңбекті қорғау саласында өндірістік қауіпсіздікті және санитарияны міндетті түрде оқыту өнеркәсіптен алшақтамай, тікелей «Ақдала» және «Южный Инка» кеніштерінде жүргізіледі. Бұл жерлерде осы мақсаттар үшін оқу сыныптары жабдықталған.
Қазақстанда медиация институтын дамытуды қолдай отырып, жыл сайын 20 келіссөз жүргізушілер мен медиатор даярлықтан өтеді. Бұл әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, ұжымда даулы жағдайларды азайтуға және қолайлы моральдық-психологиялық жай-күйді бір қалыпты ұстап отыруға мүмкіндік береді. Мұның барлығы вахталық режимдегі жұмыстың жағдайлары үшін маңызы жоғары.
2015 жылдың 12 айында 1125 адам біліктілігін арттырды. Серіктестіктің қызметкерлерді кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға жұмсаған нақты шығындары осы кезеңде 69 763 мың теңгені құрады.
2016 жылы Серіктестіктің персоналын дамыту жұмыстары жалғасуда. Қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға 102 000 мың теңге мөлшеріндегі сома жоспарланған.
Бұл, ең алдымен:
Біз құндылықтарымызды бірге бөлісіп, Компанияны жетілдіруге өз үлесін қосуға дайын адамдарды іздейміз, шақырамыз, жұмысқа қабылдаймыз және олардың кәсіби машықтарын одан әрі жетілдіреміз.