
Бүгін Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Уран ісі» бағдарламасының студенттеріне арналған мамандандырылған оқу кабинеті ашылды.
Ашылу салтанатына Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов қатысты. ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин де студенттер мен қонақтар алдында сөз сөйледі.
Кабинеттің ашылуы Қазатомөнеркәсіптің «Байкен-U», «Заречное» және «Волковгеология» еншілес және тәуелді ұйымдарының қатысуымен өтті.
Сонымен қатар, Қазатомөнеркәсіп ҚБТУ-дың оқу полигонына бұрғылау қондырғысы мен жылжымалы ауа компрессорын орнатты. Бұл жабдық студенттердің тікелей полигонда тәжірибеден өтуіне және нақты өндірістік үдерістермен танысуына мүмкіндік береді.
Кездесу барысында студенттер Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасына өндірістік үдерістер, жұмысқа орналасу және оқу мәселелері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Іс-шара соңында студенттерге жаңа оқу жылының басталуына орай компания атынан естелік сыйлықтар табысталды.
