Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес ұйымдары Қызылорда облысындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға 2,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Қызылорда облысының әкімдігімен арадағы меморандумға сәйкес, өңірде 2026–2027 жылдары  3 әлеуметтік нысанның құрылысы басталады. Атап айтқанда:

• Жаңақорған ауданының Ақжол ауылында 150 орындық ауыл клубы;

• Жаңақорған кентінде емхана;

• Шиелі ауданының Байтерек ауылында спорт кешені салынады.

Іске асып жатқан жобалар өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, рухани-мәдени құндылықтарды жаңғыртып, жастар арасында салауатты өмір салтын  қалыптастыруға бағытталған.

Толығырақ www.kazatomprom.kz сайтында