Қоршаған ортаны қорғау

«ОТХК» БК» ЖШС-да қоршаған ортаны қорғау адам өмірінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды сақтаудан тұрады. Өндірістегі қоршаған ортаның маңызды факторлары-атмосфералық ауа, су, топырақ. Қоршаған ортаны қорғау кәсіпорын қызметінің нәтижелерінің табиғат пен адамдардың денсаулығына тікелей және жанама түрінде теріс әсерін болдырмау мақсатында табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтіруді көздейді.

Кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі Экологиялық Кодекстің талаптары және ҚР заңнамасының талаптарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экологиялық менеджмент

Өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде серіктестік басшылығы халықтың және өз қызметкерлерінің алдында денсаулықты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік қызметті жүзеге асыру орындарында табиғи ортаны сақтау жөніндегі өзінің жауапкершілігін түсінеді. Серіктестіктің өндірістік қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының және қолданыстағы рұқсат беру құжаттамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан Серіктестікте менеджмент жүйесі саласындағы саясат және экологиялық аспектілерді анықтау және бағалау рәсімі әзірленіп, бекітілді. Экологиялық аспектілерді сәйкестендіру үшін Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінен мамандар тартылады, экологиялық аспектілерді сәйкестендіру нәтижелері экологиялық аспектілер Тізілімімен ресімделеді.  Серіктестікте экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттаудың қамтамасыз етілуін және жұмыс істеуін бақылауды Сапа және стандарттау бөлімі жүзеге асырады. «ОТХК» БК» ЖШС экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 талаптарына сәйкестігіне сертификатталған.

Өндірістік қызметтің қоршаған орта объектілеріне, жергілікті халыққа әсерін жүйелі кешенді бағалауды жүргізу және Серіктестікте мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру мақсатында бірқатар ішкі нормативтік құжаттар әзірленді. Әзірленген құжаттар қалдықтарды, су және жер ресурстарын тиімді басқаруды, экожүйені және биоәртүрлілікті сақтауды, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының өсуіне қатысуды, өндірістік қызметтің қоршаған орта объектілеріне және жергілікті халыққа нақты және ықтимал қолайсыз әсерлерін анықтау, алдын алу және азайту үшін тәуекелге бағдарланған тәсілді іске асыруды қамтамасыз етуді қоса алғанда, қоршаған ортаға өнеркәсіптік әсерді дәйекті төмендетуді көздеуге мүмкіндік береді.

Серіктестікте экологиялық тәуекелдерді басқару тәуекел санаттары бойынша әзірленген және белгіленген басымдықтарға сәйкес жүргізіледі. Тәуекелдердің алдын алу және азайту үшін өндірістік алаңдарда экологиялық заңнаманы сақтауға және ықтимал сәйкессіздіктердің себептерін анықтауға бағытталған тәуекелдерді мониторинг жасау және талдау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі, құбырлардың тұмшаланғандығы жүйелі тексеру жүзеге асырылады, желдету жүйелерін техникалық тексеру, шағын қазандықтарға уақтылы сервистік қызмет көрсету жүргізіледі, сарқынды суларды тазартудың технологиялық процесіне және биологиялық тазартудан кейінгі ағынды сулардың сапасын бақылауға ерекше бақылау жүргізіледі. ESG орнықты даму қағидаттарын ұстану шеңберінде 2025 жылға арналған «ОТХК» БК» ЖШС тәуекелдер тізіліміне климаттық тәуекелдер енгізілді.

Қоршаған ортаға әсері

Атмосфералық ауа.

Кеніштерде уран өндіру жөніндегі өндірістік қызметті жүзеге асыру үрдісінде жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру (ЖҰС) әдісі қолданылады,  одан әрі технологиялық ерітінділерді өңдеу мен уран тотығы шала-тотығы түріндегі дайын өнімді алу арқылы. ЖҰС әдісі уранды өндіру мен өңдеудің ең экологиялық әдісі болып табылады. Өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда, ЖҰС әдісімен уран өндіру атмосфераға "айтарлықтай" әсер етпейді. Жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру технологиясы тұмшаланған құбырлар арқылы технологиялық ерітінділердің қозғалысына, ластаушы заттардың атмосфераға енуіне жол бермейтін батпалы сорғыларын пайдалануға негізделген. Негізгі өндірістен қоршаған ортаға шығарындылар минималды. Шығарындылардың негізгі бөлігі қосалқы өндірістен (үй-жайларды жылыту, көлік) келеді.

Атмосфералық ауаға шығарындылар рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасымен регламенттеледі, оған мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы алынған және I санаттағы объектілерге әсер етуге рұқсат берілді.

Тоқсан сайын «ОТХК» БК» ЖШС өндірістік объектілерінде шығарындылардың стационарлық көздерінде өндірістік экологиялық мониторинг жүзеге асырылады, Өлшеу қорытындылары бойынша мердігер ұйым шекті жол берілетін шығарындылармен салыстырғанда нақты шығарындыларды көрсете отырып, өлшеу хаттамаларын ресімдейді.

Бекітілген кестеге сәйкес кеніштерде желдету жүйелеріне жоспарлы-алдын алу жөндеу және қызмет көрсету, сүзгілер мен қосалқы бөлшектерді уақтылы ауыстыра отырып, шағын қазандықтарға сервистік қызмет көрсету жүргізіледі.

Атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту үшін кәсіпорынның автокөлігі уақтылы техникалық тексеруден және қызмет көрсетуден өтеді. 

«ОТХК» БК» ЖШС бойынша өткен жылдың нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасау кезінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының артқаны байқалады. Ластаушы заттар шығарындыларының артуы ДЭС (дизельді электр станцияларының), компрессорлық қондырғылардың жұмысына, сондай-ақ технологиялық ұңғымаларды салу бойынша бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде арнайы техниканың жұмыс уақытының ұзаруына байланысты.

Экологиялық көрсеткіштер

Ауаның ластануы

Өлш.

бірлігі

2025ж.

2024ж.

2023г.

2022г.

NOx Шығарындылары

Тонна

8.219374768

 

13.24025294

 

10.8822601

 

13.1015738

SOx Шығарындылары

Тонна

4.725674041

10.66004637

9.539104388

9.8795506

Қатты заттар шығарындылары

Тонна

30.6409400495

 

3.3910661260

 

4.0103010103

 

3.2845834621

 

СО шығарындылары

Тонна

15.53734523

 

30.37872812

 

33.1992137

 

33.42866484

 

Ұшпа органикалық қосылыстар

Тонна

5.610106367

 

6.294243739

8.201395839

8.574928572

Су ресурстары

Кеніштер үшін жер асты суларын алу Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы берген арнайы су пайдалануға рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады. Ағынды суларды төгу мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен рұқсат етілген төгінділер нормативтерінің жобалары негізінде жүзеге асырылады, соның негізінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілді. Сондай-ақ, су сынамаларын зерттеу кезінде мониторинг ҰАК СТ 17.4 «Уран кен орындарының жер және жер асты суларына ЖҰС әсерінің мониторингін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Арнайы су пайдалануға алынған рұқсаттарға сәйкес, тоқсан сайын ұңғымалардағы жер асты суларына зерттеулер жүргізіледі. 2025 жылы өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес, өндірістік қызметтің жер асты суларының сапасына әсеріне мониторинг жүргізу үшін «Оңтүстік Ыңғай» / «Ақдала» кеніштерінің аумағынан тыс жерде орналасқан ұңғымалардан су сынамалары алынды. Зертханалық зерттеулерді жасалған шарт аясында аккредиттелген зертхана жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша су көрсеткіштерінің шекті мәннен асуы анықталған жоқ. Жер асты суларының сапасы мен химиялық заттардың құрамы жүргізілген зерттеулер негізінде «ОТХК» БК» ЖШС өндірістік объектілерінің қызметі жер асты суларына әсер етпейді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Кеніштерде пайда болған шаруашылық ағынды сулар, ағынды суларды тазартудың биологиялық станцияларына жіберіледі. Биологиялық тазарту станцияларының жұмысы тұрақты негізде бақыланады. Биологиялық тазарту станцияларының жұмыс істеу тиімділігін зерттеу және тексеру үшін тазартуға дейін және одан кейін сарқынды су сынамалары тоқсан сайын алынады. Тазартуға түсетін ағынды су бастапқы механикалық тазартудан және одан әрі биологиялық тазартудан өтеді. Тазартылған сулар жинақтағыш тоғанға жиналады және жасыл желектерді суару үшін қайта қолданылады. Бұл практика 2025 жылдан бастап енгізілді және жер асты суларын тұтынуды 15,23%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Тазартылған ағын суларды зертханалық зерттеу нәтижелері суды қайта пайдалануға жол береді.

Өткен жылдың нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасау кезінде ағын суларды тазарту тиімділігі бойынша ластаушы заттар түзілуінің 33,91%-ға төмендегені байқалады. Төгінділердегі ластаушы заттар түзілуінің азаюы биологиялық тазарту станцияларына жіберілетін шаруашылық-тұрмыстық ағын сулар көлемінің азаюымен, ауа үрлегішті ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізумен, адсорбер орнатумен және кварц құмын ауыстырумен байланысты.

Су тұтыну

2025 ж.

2024 ж.

2023 ж.

2022 ж.

Алынатын судың жалпы көлемі

мың м3

365.196

381.709

397.683

471,472

Шығарылатын судың жалпы көлемі

мың м3

62.332

62.143

57.919

70.804

Жер ресурстары

Қалдықтармен жұмыс істеу 02.01.2021 жылғы №400-VI Экологиялық кодексінің, 11.07.2016 жылғы №312 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларының», 25.12.2020 жылғы №331/2020 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» негізінде жүзеге асырылады. Кеніштердің өндірістік қызметі үшін ТҚП құбырлары, батпалы сорғылары, қорғаныш қаптамалары, аммиак селитрасы, т/б құбыры, шығын өлшегіштер, манометрлер, сорғыларды басқару шкафтары түрінде материалдар сатып алынады. Жоғарыда аталған материалдарды пайдалану кезінде пайда болатын қалдықтар қауіпті емес.

Бұл материалдардың қызмет ету мерзімі, 2 жыл жұмыс істегеннен кейін істен шығуы мүмкін батпалы сорғыларын санамағанда, 5 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта. Ішкі құжаттарға сәйкес қолданудың пайдалы мерзімі аяқталғаннан кейін материалдар қайта пайдаланылады. Сондай-ақ, материалдарды пайдалану кезінде радиоактивті қалдықтар пайда болуы мүмкін. Пайда болған радиоактивті қалдықтар мамандандырылған мердігерлік ұйыммен шарт бойынша көмуге/ кәдеге жаратуға жіберіледі. Өткен жылдың нәтижелерімен салыстырмалы талдау кезінде қалдықтардың пайда болуының шамалы өсуі байқалады. Бұл факт жабдықты ауыстыру және бөлшектеу бойынша кеніштердің өндірістік алаңдарында күрделі жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын мердігер ұйымдарға көмуге және кәдеге жаратуға жіберу кезінде өндірістік учаскелерде тиісті анықтамалар мен төлқұжаттар ресімделді. 2025 жылғы қалдықтардың түзілуінің жалпы көлемінің 2024 жылмен салыстырғандағы өзгерісі технологиялық ұңғымаларды салу бойынша бұрғылау жұмыстарын жүргізу кестесінің қайта қаралуымен және күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты.

Қалдықтарды басқару

Қалдықтардың түрлері

өлш. бірлігі

2025 ж.

2024 ж.

2023 ж.

2022 ж.

Қауіпті

тонна

13.945

2.788

2.276

7.978

Қауіпті емес

тонна

5969.37

3689.571

2672.979

3695.064

төмен радиоактивті қатты қалдықтар

тонна

753.64

180.656

156.952

110.676

Климаттың өзгеруі

Бүгінгі таңда экологиялық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы мемлекеттік саясат шеңберінде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы бекітілді. Стратегияның негізгі мақсаты 2060 жылға қарай климаттың өзгеруіне және көміртегі бейтараптығына Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізу болып табылады.

Бекітілген Стратегия шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, өйткені «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Саясатының негізгі қағидаттары адам денсаулығының басымдығы және өндірістік қызмет нәтижесіне қатысты экологиялық қауіпсіздік болып табылады.

Осыған байланысты Серіктестікте 2023 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңге парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралар Жоспары әзірленді.

Парниктік газдар шығарындыларының динамикасын қарастыратын болсақ, шығарындылардың азайғаны байқалады. 2025 жылғы өсім ДЭС (дизельді электр станцияларының), компрессорлық қондырғылардың жұмыс уақытының ұзаруымен байланысты.

2025 жылғы 22 наурызда «ОТХК» БК» ЖШС-ның өндірістік нысандары «Жер сағаты» халықаралық акциясына қатысты. Акцияға вахтадағы қызметкерлер атсалысты. «Жер сағаты» халықаралық акциясына қатысу қоғамға климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігі туралы мәселелерді еске салуға көмектеседі. Жарықты бір сағатқа өшіру адамдарда электр энергиясын үнемдеу әдетін және жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуға саналы түрде қарауды қалыптастырады. Аталған акцияны «ОТХК» БК» ЖШС өндірістік нысандарында өткізу әлеуметтік жауапкершілік көрсеткіштерін жақсартуға және тұрақты даму қағидаттарына бейілділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Биоалуантүрлілік

«ОТХК» БК» ЖШС өндірістік қызметінің қоршаған ортаға және жергілікті халыққа әсерін бағалау, ықпал ету жолдары мен тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ ESG - қағидаттарына сәйкес Серіктестік қызметін жетілдіру үшін 2020-2024 жылдар аралығында алғаш рет биоалуантүрлілікті зерттеу және экологиялық және әлеуметтік бағыттар бойынша жүргізілетін зерттеулер бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізілді.

2020-2021 жылдар аралығында өндірістік нысандар аумағында алғаш рет биоалуантүрлілік бойынша зерттеулер жүргізілді. Биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығына байланысты Серіктестік өз алдына 3 жылда бір рет жиілікпен флора мен фаунаның жай-күйін тұрақты мониторингтеу бойынша міндеттер қояды. Флора мен фаунаны зерттеу процесінде алынған деректер геоақпараттық дерекқорға енгізіледі және зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін жаңартылады. Геоақпараттық деректер базасы MapInfo Professional бағдарламалық қамтамасыз етуінде әзірленген және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, атап айтқанда тақырыптық карталарды, қоршаған орта объектілерінің (топырақ, су, атмосфералық жауын-шашын) сынамаларының зертханалық талдауларының нәтижелерін; биоәртүрлілік жай-күйін зерттеуді; топырақ-өсімдік жамылғысының антропогендік бұзылуының схемаларын қамтиды. 2023 жылы Серіктестікте ҰАК СТ 17.6 «Табиғатты қорғау саласындағы стандарттар жүйесі. Уран кен орындарындағы, өндірістік объектілердегі және оларға іргелес аумақтардағы Биоәртүрлілікті Бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» стандарты қолданысқа енгізілді.  2023 жылдан бастап «ОТХК» БК» ЖШС өндірістік объектілерінде флораның сирек және ерекше қорғалатын түрлерін есепке алу Журналы толтырылады. 2021-2024 жылдар аралығындағы кезеңдегі экологиялық зерттеулер деректерінің динамикасын талдау фондық аумақтар мен жақын елді мекендердегі экологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Мүдделі тараптармен флора мен фаунамен танысу бойынша коммуникациялар жүргізу үшін Серіктестікте «Оңтүстік Ыңғай кеніші ауданында кездесетін қауіпті (улы) өсімдіктер мен жануарлар», «Оңтүстік Ыңғай кеніші ауданында кездесетін Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер», «Қоршаған орта үшін жауапкершілік және жергілікті халыққа қамқорлық» буклеттері әзірленді.

2025 жылы биоалуантүрлілікке мониторинг жүргізу, есеп дайындау және MapInfo геоақпараттық жүйесіндегі (ГАЖ) картографияны жаңарту жұмыстары орындалды. 2025 жылғы биоалуантүрлілік бойынша Есептерге сәйкес, «ОТХК» БК» ЖШС өндірістік нысандарының аумағында мынадай өсімдіктер дүниесі кездеседі: Грейг қызғалдағы және Бемам қызғалдағы. Жануарлар мен құстардан: қарақұс, ақбауыр және қарабауыр бұлдырықтар, қылқұйрық бұлдырық, шұбар күзен, қарақұйрық және ортаазиялық тасбақа байқалады. Ұшып келу кезеңінде қызғылт бірқазан кездеседі.

Өндірістік нысандар аумағындағы биоалуантүрлілік туралы ақпарат экологиялық мәдениетті қалыптастырады, экологиялық сауаттылықты арттырады және адамдардың табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуына ықпал етеді.

Экологиялық және әлеуметтік коммуникациялар

Серіктестікте мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу үшін Бас директордың бұйрығымен «Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жоспары» Рәсімі және «Экологиялық ақпарат алмасу және шағымдарды қарау тетігі» Рәсімі бекітілді.

Бүгінгі таңда экология мәселелері біздің кәсіби және жеке жауапкершілігіміздің ажырамас бөлігіне айналуда. 2025 жылы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні «Пластиктің ластануына соққы» ұранымен өтті. Уран саласында жұмыс істей отырып, біз күн сайын өндіріс қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға тиетін теріс әсерді барынша азайту үшін де жауаптымыз. Экологиялық жауапкершілік мәдениетін және табиғатқа ұқыпты қарау деңгейін арттыру аясында «ОТХК» БК» ЖШС-да «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің қызметкерлері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты сақтау мәселелеріне қызығушылықты арттыруға және қатысушылардың шығармашылық әлеуетін белсендіруге бағытталған «7 жасыл қадам» тақырыбында конкурс ұйымдастырылды. Ал «Ақдала» кенішінде бөлімшелер арасында табиғатты қорғау тақырыбында жарыстар өтті. «Ақдала» кенішінің мамандары қолжетімді материалдардан, пластик пен автокөлік шиналарын қайта пайдалану арқылы құстарға арналған жемсауыттар жасады. Сондай-ақ, БЭҚ (бас энергетик қызметі) мамандары кеніш аумағында құстардың аялдауы үшін еріген қар мен жаңбыр суын жинайтын шағын тоған тұрғызды. «Ақдала» кенішінің қызметкерлері Шу өзенінің жағалауында қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді. Экология мәселелеріне балалар да тартылды. «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің өндірістік қауіпсіздік департаменті мен секторының қызметкерлері Шымкент қаласындағы «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-де экологиялық сағат өткізді. Балалармен пластик қалдықтарының зияны, қоқысты сұрыптау және пластикті қайта өңдеу туралы ойындар ұйымдастырылды. Қайталама шикізаттан органайзерлер мен гүл құмыраларын жасау бойынша шеберлік сағаты өткізілді. Балалар табиғатқа ұқыпты қарау туралы суреттер байқауына қатысып, ерекше қызығушылық танытты. Іс-шара соңында тәрбиеленушілерге естелік сыйлықтар табыс етілді. «Ақдала» кенішінің мамандары да балалармен бірге «Планетаны қоқыстан қорғайық!» ұранымен экологиялық сағат өткізді; зияткерлік викторина, қоқыс жинау және сұрыптау бойынша суреттер байқауы ұйымдастырылды.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау және «ОТХК» БК» ЖШС-ның радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу Бағдарламасын орындау аясында, «Ақдала» кеніші / «Оңтүстік Ыңғай» кеніші өндірістік қауіпсіздік секторының мамандары Қыземшек және Еңбекші кенттерінде жергілікті тұрғындармен жұмыс кездесулерін өткізді. Кездесу барысында «ОТХК» БК» ЖШС кәсіпорнында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанына, сондай-ақ радиофобия мәселелеріне баса назар аударылды.

Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық мәдениетті арттыру, аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру мақсатында өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2025 жылдың басынан бері «Ақдала» кенішінің мамандары келесі іс-шараларды өткізді:

  1. Өндірістік учаскелерде – 11 сенбіліктер, Қыземшек кентінде – 8 сенбіліктер, Созақ ауылындағы Қарабура кесенесі аумағында және Шолаққорған ауылындағы Абай атындағы саябақта сенбіліктер өткізілді.
  2. Жергілікті атқарушы органмен келісілген «Ақдала» кенішінің аумағында, Қыземшек кенті мен Шолаққорған ауылындағы Абай атындағы саябақтың бекітілген аумақтарында 1950 түп ағаш көшеттері отырғызылды, оның ішінде: шырша – 30 дана, қарағаш – 1820 дана, павловния – 100 дана.
  3. 11 гектардан астам аумақ қоқыстан, қураған ағаштар мен өсімдік қалдықтарынан тазартылды (әрқайсысы 50-60 кг болатын 40 қап).
  4. Металл сынықтарын, пластикті және басқа да ТҚҚ-ны  қоса алғанда, қалдықтарды жинау және шығару бойынша (5 тонна) акциялар ұйымдастырылды.
  5. Түсіндіру кездесулері өткізіліп, оған 50 қызметкер тартылды, экология және орнықты өмір салты мәселелері бойынша ақпараттық материалдар таратылды.ү

Орталық аппарат мамандары мемлекеттік мекемелерді абаттандыру бойынша сенбіліктер өткізіп, 8 шырша мен 185 қарағаш көшетін отырғызды.

«Оңтүстік Ыңғай» кеніші бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының іс-шараларын іске асыру аясында кеніш аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Кеніш аумағында сенбіліктер апта сайын ұйымдастырылады.

Бірінші тоқсанда «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің аумағында 30 қарағаш көшетін отырғызу арқылы көгалдандыру жұмыстары орындалды. Есепті кезең ішінде кеніш аумағында 700 қарағаш көшеті, 10 павловния ағашының көшеті, сондай-ақ 1000-нан астам гүл көшеттері отырғызылды.

Қайырымдылық акциясы аясында 23 сәуірде кеніш қызметкерлері әрекетке қабілетсіз деп танылған және толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі психоневрологиялық аурулары бар азаматтар тұратын №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Мекеме аумағында тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 8 шырша отырғызылды, сондай-ақ сырлау жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, орталыққа сыйға екі кір жуғыш машина тапсырылды

16 тамызда «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің ұжымы Тайқоңыр елді мекенінде ауқымды сенбілік өткізді. Іс-шара барысында балалар алаңы қалпына келтіріліп, сырланды, стадион аумағы абаттандырылды және тұрмыстық қоқыс жиналды.

Қызылорда облысының Еңбекші ауылында «Оңтүстік Ыңғай» кеніші ұжымының күшімен 1000 түп қарағаш ағашы отырғызылды. Сонымен қатар, бас инженер бастаған инженерлік-техникалық қызметкерлері ұзындығы 7 шақырымды құрайтын «Оңтүстік Ыңғай» кеніші — Тайқоңыр кенті бағытындағы автомобиль жолының жиегін тазартты.