Омбудсмен

«ОТХК» БК» ЖШС-да (бұдан әрі – Серіктестік) Өтініштерді қарау тәртібі туралы ережелер және Омбудсмен туралы ереже бекітілген және қолданылады, олардың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасының немесе Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының нормаларын бұзатын практикамен байланысты құбылыстар туралы Серіктестіктің жұмыскерлеріне, сондай-ақ үшінші тұлғаларға жауапты түрде хабарлау мүмкіндігін беру арқылы Серіктестіктің қызметінің ашықтығын арттыруға арналған негіздерді жасау болып табылады.

Омбудсменнің негізгі міндеттері болып табылады:

1) органдармен, лауазымды тұлғалармен және Серіктестіктің жұмыскерлерімен Корпоративтік этика кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Қажет болған кезде оның ережелерін түсіндіру;

2) Серіктестіктегі заңға қайшы әрекеттер туралы хабарлау бойынша жұмыста органдарға және Серіктестіктің лауазымды тұлғаларына көмек көрсету;

3) корпоративтік жанжалдарды және мүдделер қайшылығын болдырмау немесе реттеу кезінде органдарға және Серіктестіктің лауазымды тұлғаларына көмек көрсету.

Омбудсмен жыл қорытындылары бойынша корпоративтік этика мәселелері, Серіктестіктегі анықталған заңға қайшы әрекеттер, сондай-ақ корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қайшылығының өтініштері бойынша жылдық есепті жасайды және оны Серіктестіктің Бас директорына белгіленген тәртіпте жолдайды.

Мүдделі тараптар лауазымды тұлғалардың және Серіктестіктің жұмыскерлерінің заңсыз және әдепсіз әрекеттері туралы Омбудсменге, соның ішінде аты-жөнін көрсетпей хабарлай алады, және осындай хабарлаған жағдайда олардың құқықтарына шек қойылмауы тиіс.

Өтініштерді беру үшін Ережелер келесі ақпараттық арналарды қарастырады:

1) пошталық мекенжайы – ақпаратты мына мекенжайына пошта арқылы жолдау: 160019, Әл-Фараби ауданы, Қонаев көшесі, 23А үй, «Омбудсменге» белгісімен тікелей Омбудсменге жолданған;

2) электронды пошта – «infoatughk.kazatomprom.kz»; «ombudsmanatkazatomprom.kz» мекенжайына электронды хабарлама ретінде ақпаратты жолдау;

3) телефон байланысы – Серіктестіктің телефон желісіне қоңырау шалу +7 (7252) 99-73-93 (ішкі 45859), +7 (777) 771-71-73