Серіктестік 2014 жылдың тамыз айында құрылған. Уранды өнеркәсіптік деңгейде өндіру – осы жобаны ұйымдастыру мақсаты болып саналады. UraniumOneRotterdam B.V. (УраниумУан Роттердам Би.Ви.) жауапкершілігі шектеулі жеке компания мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Серіктестіктің құрылтайшылары болып табылады.
Серіктестік Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ақдала» және «Оңтүстік Ыңғай» кен орындарында уранды барлау және өндіру келісімшарттарына ие.