«Оңтүстік Тау-химия компаниясы» Бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2014 жылы құрылған. Серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - 30% және «Uranium One Rotterdam B.V.» компаниясы - 70% арасында бөлінген.
Қызметтің негізгі түрі - құрамында уран бар кендерді өндіру және өңдеу болып табылады. Серіктестік өзінің өндірістік қызметін «Ақдала» және «Оңтүстік Ыңғай» кен орындарында жүзеге асырады.