Ақпараттық хабарлама. Абайлаңыз, интернет-алаяқтар!

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») азаматтарға түрлі интернет-алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертіп, барынша қырағы болуға және күдікті сілтемелерге сенбеуге шақырады.

Зиянкестер азаматтардың жеке деректерін заңсыз жинау және оларды алаяқтық мақсатта қолдану үшін фишингтік хабарламалар мен жалған сайттарды пайдаланады.

Қазатомөнеркәсіп барлық сенімді ақпарат Компанияның ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланатынын еске салады:

Интернет-ресурс: https://www.kazatomprom.kz/

Facebook: https://www.facebook.com/kazatomprom.kz/

Twitter: https://twitter.com/NAC_Kazatomprom

LinkedIn: https://www.linkedin.com/company/js-nac-kazatomprom-

Instagram: https://www.instagram.com/kazatomprom/

Youtube: https://www.youtube.com/channel/UC5NoCBIU4rm7JLolDEzKDYw​​​​​​​